Қабірді дайындап, қазу барысында мына бір жайтқа көңіл қою керек: қабірдің тереңдігі адамның бойындай немесе түрегеп тұрған адамның кеудесіне дейін жететін болуы керек. Негізі, қабір одан да тереңірек қазыла береді. Егер жер қатты болса, қабірдің Қыблаға қараған тұсынан ләхады қазылады, ал егер жер жұмсақ болып, ләхад қазылған кезде қабірдің қабырғасы құлап кететіндей болса, онда ләхад қабірдің түбінен жасалып, мәйіт сонда қойылады.
Барлық мұджтахидтар мен фақихтар қабірдің басына мазарлар мен күмбездер тұрғызуға бірауыздан тыйым салған, сондай-ақ, марқұмды мақтап, дәріптеп не болмаса Алланың жазмышын сынға алып жазылған тастар қоюға болмайды. Сонымен қатар, қабірдің үстінен мешіт салып, сол жерді құлшылық орнына айналдыруға үзілді-кесілді тыйым салынған. Алайда қайтыс болған марқұмның аты-жөні жазылған тасты қоюда тұрған еш әбестік жоқ.
Айша анамыз (р.а.) Алла Елшісі (ﷺ) өлерінің алдында қабірлерді құлшылық орнына айналдыруға тыйым салынған деп айтып кеткенін келтірген.
«Егер осындай қауіп болмағанда, Алла Елшісінің (ﷺ) қабірі көрініп тұратындай болып жасалар еді» (Бұхари, Джанаиз, 916).
Қабірге мәйіттің басы Қыблаға қаратылып қойылған соң, оның кебінінің байлаулары шешіліп, дененің үстін тақтайлармен жауып, сосын қабірді топырақпен жабады.