Иман келтірмегендер үшін Алладан кешірім сұрауға бола ма?

Иман келтірмегендер үшін Алладан кешірім сұрауға бола ма?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Риуаяттардың бірінде пұтқа табынушы күйінде қайтыс болған жақыны туралы Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқандығы келтірілген: «Егер Алла маған тыйым салмаса, мен ол үшін кешірім сұраймын». Осы жайттан кейін мына бір аят түсірілген: «Пайғамбарға және мүміндерге тозақтық екендігі өздеріне білінгеннен кейін егер жақындары болса да мүшріктер үшін жарылқау тілеулеріне болмайды» (9:113).

Сондай-ақ, мына бір риуаяттан белгілі болғандай, Алла Елшісі (ﷺ) Мединедегі мұнафықтардың басшысы болған Абдулла ибн Салюлюдің жаназасын шығарады, кейін осы жағдайға қатысты келесі аят түсірілген: «Олардан біреу өлсе, әсте жаназа намазын оқыма да қабырының басында тұрма! Өйткені, олар Аллаға, Пайғамбарына қарсы келді. Сондай-ақ олар бұзық күйінде өлді» (9:84).

Жоғарыда келтірілген аяттарды ескере отырып, Малики мәзһабының имамы Карафи былай деген болатын: «Иман келтірмеген жан үшін кешірім сұрау күпірлік болып табылады, өйткені Құранның көптеген аяттарында Алла Тағала мүшріктер мен пұтқа табынушылар мәңгі Тозақ отына тоғылатындығын айтқан» (Карафи, әл-Фурук, IV/259).

Алайда бұл иман келтірмеген күйде қайтыс болғандарға қатысты. Ал тірі жүрген иман келтірмегендерге келер болсақ, көптеген ғалымдардың пікірі бойынша, Алладан олардың жүрегіне иман ұялатуын әрі оларды хақ жолға түсіруін сұрауға рұқсат етілген. Ұхуд тауының етегінде болған шайқас кезінде Пайғамбарымыз (ﷺ) Аллаға сиынып: «Уа, Алла! Менің халқымды кешіре гөр, өйткені олар өздерінің не істеп жүргенін білмейді», - деп иман келтірмегендер үшін кешірім сұраған болатын.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз:

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active