#Меркі ауданы: Аудан имамы Аспара ауылында

#Меркі ауданы: Аудан имамы Аспара ауылында

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы Аспара ауылы «Ыбырайым ата» мешітін зиярат етіп қайтты.

Зиярат мақсаты, мешіттің қал жағдайы мен жаңадан тағайындалайын деп жатқан имамның жағдайын білу болатын. Жаңа қызметкер ауыл ақсақалдарын жинап бас имаммен кездесу ұйымдастырып, мешіттің тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Аудан имамы ауыл ақсақалдарымен ақылдасып жаңа қызметкер туралы сұрастырды. Көңілдері толатындығын айтқан ақсақалдар тезірек ауылға имам қылып тағайындауын өтінді.

Азамат Берікұлы жаңа қызметкерге құжаттарын толықтырып, алда болатын аттестацияға дайындалуын тапсырды.

Алла Тағала мешіттеріміз жамағатқа толып, мешіттеріміз білімді қызметкерлерге толы болуын нәсіп етсін!!!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: