#Меркі ауданы: Аудан имамы «Әл-Кәрим» мешітін зиярат етті

#Меркі ауданы: Аудан имамы «Әл-Кәрим» мешітін зиярат етті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы аудан мешіттерінің жағдайын зерделеу мақсатында, аптасына екі мешітті зиярат ету жоспарын енгізген болатын. Кезекті сапарын Азамат Берікұлы Меркі ауданына қарасты Қызылқыстақ ауылы «Әл-Кәрим» мешітінен бастады.

Мешіт жамағатымен кездесіп, Алла Тағаланың кәләмі мен Пайғамбарымыздың с.а.с асыл сөздерін келтіріп уағыз айтты. Артынша жамағаттан мешіт имамының жұмысына көңілдері толамекен, мешіт қызметкеріне айтатын қандай да бір арыз шағымы бармекен соны сұрастырды. Ешқандай арыз-шағым жоқтығын жеткізген жамағат, бас имамға келіп зиярат еткені үшін алғыстарын білдірді.

Мешіттің ішкі-сыртқы жұмыстарымен танысқан аудан имамы ауыл имамына бірқатар тапсырмалар беріп, дәретхана мен мешіттің ішкі-сыртқы тазалығына жіті мән беру керектігін атап өтті.

Алла Тағала мешіт қызметкерлерінің істеп жатқан амалдарын қабыл етіп, сауаптардан жазғай!!!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: