#Меркі ауданы: «Ыбырайым ата» мешітінің ғимараты жаңартылуда

#Меркі ауданы: «Ыбырайым ата» мешітінің ғимараты жаңартылуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Аспара ауылында «Ыбырайым ата» мешітінің ғимараты жаңартылып, бой көтеруде. Аудан имамы Азамат Берікұлы «Ыбырайым ата» мешітін арнайы зиярат етіп, мешіттің жөндеу жұмыстарымен танысып қайтты.

Мешіттің алғашқы ғимараты кеңес одағынан қалған ғимарат болып, кейін халықтың сұранысы бойынша мешіт ғимараты ретінде жөнделіп, ретке келтірілген.

Қазір мешіт ауласынан жаңа мешіт ғимаратының құрылысы жүріп жатыр. Мешіт ғимаратының іргетасы құйылып, іші толтырылып, қабырғалары көтерілген. Ендігі жұмыс шатыры. Мешіт құрылысы ауыл тұрғындары мен кәсіпкер бауырларымыздың қаражатына салынып жатыр.

Айта кетсек, жергілікті жомарт жандардың демеушілігімен салынып жатқан мешітте бір мезетте 100-150 адамдай құлшылығын өтей алады.

Алла Тағала мешіттің құрылыс жұмыстарына атсалысып жатқан барша бауырларымызға разы болып, сауаптан жазғай!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: