#Меркі ауданы: Аудан имамы Кеңес ауылында

#Меркі ауданы: Аудан имамы Кеңес ауылында

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы Кеңес ауылы «Ар-Раззақ» мешітінің тыныс тіршілігімен танысып қайтты.

Ауыл имамы аудан имамын қарсы алып, мешіттің ішкі жұмыстарымен таныстырып, күнделікті уағыз бен дәрістер жүріп жатқандығын жеткізді. Аудан имамы мешіт ішінде тұрған кітаптармен танысып шықты. Кезек мешіт ауласына жетіп, салынып жатқан дәретхананың құрылысымен таныстырды. Алла қаласа күздің аяғына дейін бітіретін ойларын жеткізді. Мешіт ауласына егілген 1500 түп алма ағаштарын көрсетіп, күтімі жайлы бас имамға баяндап берді.

Ауыл имамына разы болған Азамат Берікұлы, алғысын айтып, алдағы қызметтеріндеде абырой тілеп, батасын берді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

       

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: