Облыс бас имамы Шу ауданының әкімімен жүздесті

Облыс бас имамы Шу ауданының әкімімен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Шу өңіріне сапары барысында Шу ауданың әкімі Бақытжан Оразалыұлымен дидарласты. 

Кездесуде осы уақытқа дейін Шу ауданының бас имамы қызметін атқарған Бахтияр Амиреев пен өңірдің жаңа бас имамы Алмас Кенжемолдаев та болды. 

Облыс бас имамы жаңа аудан имамын таныстырып, білімі мен тәжірибесі туралы тілге тиек етті. Сонымен қатар Бахтияр Амиреевтің жаңа қызметке ауыстырылғанын хабарлады. Аудан әкімі Бахтияр Амиреевке алғысын білдіріп, имамдармен бірқатар мәселелерді талқылап өтті.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: