Шу ауданына жаңа бас имам тағайындалды

Шу ауданына жаңа бас имам тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Шу аудандық "Жәми" мешітінде жұма уағызын жүргізді. "Құран сауатты болуды талап етеді" тақырыбында насихат айтып, көпшілікті өзіне ұйытты.

Облыс бас имамы Шу ауданының бас имамы қызметін атқарып келген Бахтияр Амиреевтің "Һибатулла Тарази" медресе-колледжіне директордың орынбасары болып ауыстырылғанын атап өтті. Маманның дін саласына және Шу өңіріне сіңірген еңбегін тілге тиек етіп, көпшілік алғысын білдірді. 

Сонымен қатар облыстың діни көшбасшысы ауданға жаңа бас имам тағайындалғанын хабарлап, Бас мүфтидің бұйрығын оқыды. Шу ауданына бұл уақытқа дейін Тараз қаласы "Әл Фирдаус" мешітінің имамы болып қызмет атқарып келген Алмас Кенжемолдаев бас имам болды. 

Кенжемолдаев Алмас Рысханұлы 2000-2004 жылдар аралығында «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетін «Исламтану» мамандығы бойынша білім алды. 2004-2007 жылдары Жамбыл облысы, Меркі аудандық «Меркі-ата» мешітінің наиб имам қызмет атқарды.

2007-2011 жылдар аралығында Жамбыл облысы, Сарысу аудандық «Жаңатас» мешітінің бас имам қызметін атқарды. 2011-2016 жылдар аралығында Жамбыл облысы, Жуалы аудандық «Толымбайтегі Зиябек» мешітінің бас имам қызметін атқарды. 2016-2021 жылдар аралығында Жамбыл облысы, Тараз қаласы, «Тектұрмас» мешітінің имам қызметін атқарды. 2021 жылдан бері Тараз қаласы, «Әл-Фирдаус» мешітінің имам қызметін атқарған болатын.

Бейбіт Әліпбекұлы мен жамағат жаңа бас имамға қызметінде жеміс тілеп, қариялар батасын берді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: