#Меркі ауданы: «Мектепке жол» науқаны жалғасуда

#Меркі ауданы: «Мектепке жол» науқаны жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Тәтті ауылдық мешітінің имамы Көпбосынов Асхаттың ұйымдастыруымен мектеп жасындағы оқушыларға сыйлық жасалды.

«Мектепке жол» науқаны аясында 15 оқушыға мектепке қажетті құрал жабдықтар мен киім-кешек таратылды. Атап айтсақ, мектеп сөмкесі, қаламсап, дәптер және т.б. оқу құрал жабдықтары мен мектеп формасы, қара аяқ киім, дене шынықтыру пәніне арналған киім-кешек және аяқ киімін сыйға тартты.

Сыйлық алған оқушылардың қуанышында шек жоқ. Ата-аналардың іс-шараны ұйымдастырушыларға айтар алғыстары көп. Осы игі іске атсалысқан барша азаматтарға Алла разы болғай!!!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: