ТАЗАЛЫҚ - ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

ТАЗАЛЫҚ - ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала Құран Кәрімде Бақара сүресін де тазалық жөнінде былай дейді: «Шындығында Алла Тағала тәубе етушілермен тазаланғандарды жақсы көреді». Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде: «Тазалық иманның жартысы», - деген. Сондықтан біз тазалыққа мән беруіміз керек және рухани таза болуымызға мән берейік ағайын.

«Құдай таза жаратты сен таза бол», - деген Шәкәрім Құдайбердіұлы. Адамдар ұйқыдан оянғанда немесе тамақ ішер алдында ауыздарын шайып міндетті түрде жуынғаны дұрыс. Тазалық беті- қолды жуу мен дәрет алумен ғана шектелмейді, айналаңды, үйіңді, жұмыс орныңды, киіміңді барлық жерді таза ұстау, осы тазалыққа жатады және бұл әрбір мұсылманның міндеті ағайын.

 - Тәні саудың - жаны сау.

Қазақта:  «Олақтан – салақ  жаман», - деген нақыл сөз бар. Бұл - Тазалық сақтамайтын, істеген істің басы бар - аяғы жоқ тиянақсыз жандарға айтылған сөз. Ерлер үшін алған жары салақ болса- одан асқан қасірет барма?

Шариғатымызда «Әйелі салақ үйден періште қашады», - десе, қазақта: «Салақ үйден ас ішпе», - деп атайды екен. Бұдан шығатын қортынды не? Тазалық денсаулық кепілі демекші, Таза болсаң -денің сау ішер асың адал, дастарханыңнан ырыс кетпейді екен!

Ал салақтық - кедейлікке апаратын тұп -тура жол екен! Салақ үйге бақытта береке де, несібе де, құтта дарымайды. Жын шайтанның да тұрағы сол- солақ үй екенін біле жүрейік. Таза болайық деніміз де, тәніміз де, жанымыз да таза болса керемет емес пе?

Ағайын Алла сендердің жүректеріңе қарайды дейді сол өте маңызды мәселе. Бұл жүрек мәселесі туралы Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтады: «Адамның денесінде бір ет бар дейді, егер ол тура дұрыс  болса, бүткіл денең тураланады дейді онда бәрі емінен асығы оңынан түсе береді сенің, ал егер ол бұзылса денең бұзылады», - дейді, дене бұзылғаннан кейін дұрыс әрекет етеді бұзылады,  пенделік күнә іс әрекет жасауға соқтырады. Алла сақтасын ондайдан.

«Байлық емес шен емес, адамға керегі амандық. 

Амандыққа не жетсін, көрмесін ешкім жамандық»

    Досмырза   Алашбаев

Байзақ ауданы Диқан ауылы 

«Диқан» мешітінің молдасы        

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз:

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active