Су мұғжизасы

Су мұғжизасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сахабалардан Әнас ибн Мәлик (р.а.) келтірген:

Тәбук жорығында Алла Елшісімен (ﷺ) бірге едім. Ел келіп:

– Уа, Алланың Елшісі, түйелеріміз бен міністеріміз әбден шөлдеді, – деді. Алла Елшісі (ﷺ): «Маған азғантай су әкеліңдер» деді. Бір кісі ескі бір торсықтың түбіндегі аз ғана суды әкелді. Пайғамбарымыз (ﷺ) бір табақ алдыртты да суды сол табаққа құйды. Сөйтті де алақанын сол суға тигізді. Бір қарасам, саусақтарының арасынан су шүмектеп аға бастады. Сол күні түйелеріміз бен мініс көліктеріміздің бәрін сол судан суғардық. Жолға керекті, өзімізге керекті суды да содан құйып алдық. Бір уақытта Алла Елшісі (ﷺ): «Қажеттеріңді өтеп болдыңдар ма?» деп сұрады. Біз «Иә, барлық қажеттіліктерімізді өтедік» дедік. Ол кісі қолын көтергенде су тоқтады».

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: