Әбу Үмама ибн Сахл ибн Ханиф (р.а.) келтірген:
Бір күні арамызда ансар мен мұхажирлер бар, бәріміз Мәдинеде мешітте отырғанбыз. Арамыздан біреуді хазірет Айшаға (р.а.) жұмсап, жолыққымыз келетінін айтып, рұқсат сұраттық. Барғанымызда хазірет Айша (р.а.) бізге мына оқиғаны әңгімеледі: «Алла Елшісі (ﷺ) қасымда болған кезде бір қайыршы келіп маған алақан жайды. Мен әлденелер алдырдым да ішіндегілерді мұқият санап барып қайыршыға ұстаттым. Бұл жағдайды байқаған Алла Елшісі (ﷺ): «Сенен хабарсыз үйге ештеңенің кіргенін не шыққанын қаламайсың ба?» деді. Мен «Иә, қаламаймын» дедім. Сонда Алла Елшісі (ﷺ): «Айша, асығыстық жасама, қайыршыға жылы шырай таныт, жұмсақтық көрсет. Берген нәрсеңді санама. Егер санап берсең, Алла да саған бергенін санайтын болады», – деді.