БАС МҮФТИ ҚЫРҒЫЗСТАНДА ЖАҢА ҒИМАРАТТЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

БАС МҮФТИ ҚЫРҒЫЗСТАНДА ЖАҢА ҒИМАРАТТЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Бішкек қаласында Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасына тиесілі жаңа ғимараттың ашылуына қатысты.

«Бүгін біз керемет қуанышты күннің куәсі болып отырмыз. Қазақ халқында: «Көршіні Құдай қосады» деген қанатты сөз. Қырғыз – Құдай қосқан көршіміз, бір туған ағайынымыз. Ықылым замандардан бері Алатаудың арғы-бергі жағын қатар жайлаған қазақ пен қырғызға ортақ «Қосылғанның – қолы ұзын, қос түйенің – жолы ұзын» дейтін тәмсіл бар. Тарихы да, тағдыры да, танымы да ұқсас осы екі ұлтқа ортақ дүние аз емес.

Өздеріңіз жақсы білесіздер, ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтқандай, қуанышты бөліссең көбейеді. Бүгін сіздердің қуаныштарыңызды еселеп, көбейту үшін Алатаудың ар жағынан арнайы ат терлетіп келіп қалдық. Алла Тағала қырғыз бауырларымыздың қарашаңырағы болған Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа ғимаратын құтты, берекелі етсін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: