Имамдар тәжірибе алмасты

Имамдар тәжірибе алмасты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Тараз қалалық "Әулие ата" мешітіне тәжірибе алмасу мақсатында Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жандосов ауылдық мешітінің имамы Арман  Даулетов келді.

Биыл барлық өңір "Имамдар арасында өзара тәжірибе алмасу" жобасын қолға алынған болатын.

Жоба аясында Тараз шаһарына ат басын тіреген Арман имам "Әулие ата" мешітінде 5 бағыт бойынша жұмыстармен танысып, әртүрлі іс-шараларға қатысуда. Мешітте таң және ақшам намаздарын жүргізіп, ақшам намазынан кейін жамағатқа уағыз және дәріс беруде.

Айта кетейік, имам бүгін қасиетті жұма күнгі уағыз бен жамағат намазын да жүргізген болатын.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: