#Рысқұлов: «Мектепке жол» қайырымдылық науқаны өтті

#Рысқұлов: «Мектепке жол» қайырымдылық науқаны өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылдық «Қожай баба» мешітінің имамы Жанболат Аубакировтың ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы қолға алды.

Дін маманы Жаңатұрмыс ауылындағы орта мектепке арнайы барып, көпбалалы және тұрмысы төмен жанұядан шыққан 22 балаға келер оқу жылына керекті сөмке мен оқу құралдарын табыстады. Бұл қайырымдылыққа ауылдың жаны жомарт жастары демеуші болды. Қолдаушы жастарға ауыл имамы алғыс айтып, батасын берді.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: