Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық «Әл-Хақ» мешітіне мешіт жанашырларынан һәдия жасалды. Жамағат мешітке арнайы алып келіп, имам Үмбетке Сабырхановқа табыстады.
Аталған сыйлық қол өнер туындысы. Пайғамбарымыздың: «Бір-бірлеріңе сыйлық сыйлаңдар, махаббаттарың артады»,- деген сөзіне амал қылған жастардың сыйлығын ауыл имамы қуанышпен қарсы алып, ризашылықтарын білдірді.
Түзелбеков Қуаныш
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

