Құдай Тағала адамзат баласына бір-бірлерімен сөйлесіп, білісу және өзін ұлықтап зікір ету мақсатында тілді берген.
Адамдар сөз арқылы келетін қауыпты білмей, немесе білсе де нәпсісіне еріп, ішіндегі тұмшаланып жатқан жаман сөздердің сыртқа шығуына ерік беріп жатады. Осылайша, тізгінсіз ауыздан шыққан сөздер адамдарды көптеген күнәларға батырады.
Шариғатымыз адамдардың сыртынан немесе бетіне қарап жаман сөз айтудан қайтарады. Соның бірі - лағнет айту. Лағнет сөзі (қарғыс айту) деген мағынаны білдіреді. Лағынеттелген зат қолданысқа жарамаса, лағынеттелген жан-жануарларда мініске жарамсыз болып қалады. Демек адамды лағынеттеу қаншалықты ауыр күнә екендігін айтпасада түсінікті.
Пайғамбарымыз (с.а.у) былай дейді: "Мүмин адам лағнет айтпайды".
"Мүмин басқаларды масқараламайды, әдепсіз, ұятсыз болмайды және лағынет айтпайды". (Тирмизи)
"Шыншыл адамның лағынет айтқаны дұрыс емес". (Әбу Һурайра)
"Бірі-біріңді Алла Тағаланың лағынеті мен қаһарын және тозақ отынын тілеп қарғамаңдар." (Әбу Дәуд)
"Пенде бір нәрсені қарғаса, қарғыс аспанға көтеріледі. Алайда, аспан есіктері оны қабылдамай жабылады. Кейін жерге түседі. Жердіңде есіктері оны қабылдамай жабылады. Кейін оң-солға ұмтылып, басқа мүмкіндігі болмағаннан кейін, қарғысқа ұшыраған нәрсеге барып тиеді. Алайда, лағынетке ұшыраушы ол қарғысқа лайық болмаса, қарғыс өз иесіне қайтып барады." (Әбу Дауд)
"Он күнәнің тоғызы тілден" деп жатады атам қазақ. Сөз ауыздан шықпай тұрып сөзге сен қожайынсың,ал ауыздан шыққан әр-бір сөз саған қожайын. Тізеберсек нақыл сөзден көбі жоқшығар, бастысы жақсы сөз сөйлеп, немесе үндемеу.
Еспенбетов Рысбай Асылбекұлы.
Мойынқұм ауданының бас имамы.