Аллаға жақындаудың жолы

Аллаға жақындаудың жолы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әбу Язид әл-Бистами жайлы мынандай бір оқиға келтірілген. Аллаға құл болудың барлық жауапкершілігін толық сезіне өмір сүрген әл-Бистами бір күні: «Уа, Алла Тағалам, саған қалай жақындасам болады?» - деп жалбарынады.

Сол кезде тосыннан мынандай дауыс естіледі: «Маған Менде жоқ нәрсемен ғана жақындай аласың». Мұны естіп таң-тамаша қалған әл-Бистами: «Уа, Раббым, Сенде жоқ не болуы мүмкін?» - деп сұрайды. Сонда: «Менде біреуге бас ию, мұқтаждық таныту, дәрменсіздік пен пақырлық жоқ!» - деген жауап естілген екен. Бұл «Құлым, сен өз әлсіздігің мен дәрменсіздігіңді мойындап, мұқтаж екеніңді сезініп, шын ниетпен бас ию арқылы маған жақындай аласың» дегенді білдіруде. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: