#Рысқұлов: Жаңатұрмыс ауылында құран жарысы өтті

#Рысқұлов: Жаңатұрмыс ауылында құран жарысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Жаңатұрмыс ауылдық «Қожай баба» мешітінің «Имани жаз» сауат ашу курсының шәкірттері арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан жарыс өтті.

Шәкірттерді "Һибатулла Тарази" медресесінің студенті Оразбек ұстаз арнайы 3 ай бойы оқытып, дәріс берді. Құран жарысына Жамбыл облысының өкіл имамы Бейбіт Әліпбекұлы, облыстық мешіттің іс-басқарушысы Халид Хожахметов және ауданның бас имамы  Сұлтаншәріп қажы Джадраев, ауданның бетке ұстар қариы Абдуали арнайы барып, жарыста әділ қазылық етті. Қазылар алғасы жарыс жеңімпаздарын қаржылай сыйлықтармен марапаттады. Құран жарысында 1-ші орын алған шәкіртке ұмраға жолдама берілді. Құран байқауынан кейін мешіт асханасында дастархан жайылып, қонақтарға және шәкірттерге ас берілді.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

     

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: