#Меркі ауданы: Мешіт шәкірттеріне сыйлық табысталды

#Меркі ауданы: Мешіт шәкірттеріне сыйлық табысталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті жұманың күнінде «Имани жаз 2023» жазғы сауат ашу курсынан қалмай аяғына дейін оқып бітірген шәкірттерге сыйлықтар табысталды.

Меркі ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылы «Жарас» мешітінің имамы Көктал Мадиярдың ұйымдастыруымен сауат ашу курсын аяқтаған 4 шәкіртке оқу жылының басталуына орай сөмке мен оқуға керекті құрал-саймандар топтамасы табысталды.

Жазғы сауат ашу курсын 13 шәкірт болып бастаған. 4 шәкірт басқалардан озық шығып, оқуға деген ынта-жігерімен оқуды толық аяқтап шыққан. Басқаларға үлгі болсын деп мешіт имамы арнайы сыйлықтар берілді.

Жұмаға жиналған ақсақалдар мен мешіт жамағаты шәкірттерге разы болып, баталарын берді. Алла Тағала әрбір ауылдан, Құран жаттаған қари, ғұлама-ғалым шығуын нәсіп етсін!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: