#Рысқұлов: Ізгі қоғам – өзіңнен басталады

#Рысқұлов: Ізгі қоғам – өзіңнен басталады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы Құлан ауылында орналасқан Ардагерлер үйінде кездесуге қатысты. Кездесуге ауданның ардагерлер алқасы мен билер алқасы қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.

Ауданның бас имамы өз сөзіңде:  «Құран Кәрімдегі: «Сендерден бұрынғы дәуірлерде өмір сүрген қауымдардың ішінде жер бетінде бүлік шығып, бұзғыншылық орын алмау үшін аянбай еңбек еткен (иман, ілім, көркем мінез-құлық және игі істер сынды) өшпес құндылық иелері болғанда ғой. Өкінішке қарай олардың арасында осынау ұлы мақсатта еңбек еткені үшін (азаптан) аман алып қалғандарымыз өте аз болды...», - деген аят, қоғамның дамуы мен құлдырауының басты факторлары жайлы түсіндіреді. Құран Кәрімде жүз алпысқа жуық аятта ізгілік, ізгі ер азамат, ізгі әйелдер және ізгі қоғам хақында баян етіледі. Ерекше мән беретін жайт, ізгілік пайғамбарлардың басты қасиеті екенін ұмытпайық.

Миғраж оқиғасында ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әр аспан қабатында өзге пайғамбарлармен кездесуі айтылады. Ең әуелі адамзат атасы Адам (Алланың оған сәлемі болсын): «Қош келдің, ізгі перзент һәм ізгі пайғамбар» деп қарсы алады. Мұнан кейін Мұсаға (Алланың оған сәлемі болсын) дейінгі барлық пайғамбар: «Қош келдің, ізгі бауырым әрі ізгі пайғамбар» деп қауышады. Демек, ізгілік – иманнан бастап, барлық асыл қасиеттердің жиынтығы, - деп құраннан дәлел келтіре сөйледі.

Қуаныш Түзелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: