#Жамбыл: «Мектепке жол – 2023» қайырымдылық науқаны өтті

#Жамбыл: «Мектепке жол – 2023» қайырымдылық науқаны өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Түрксіб ауылында «Түрксіб» мешітінің найб имамы Болат Әбдіқұлұлының ұйымдастыруымен жергілікті білім ошақтарынының оқушыларына сабаққа қажетті құралдар мен мектеп сөмкесі табысталды.

Ауылдық екі мектептің жиырма білім алушыларына үлестірілген қайырымдылық науқанына 240 мың теңге қаражат жұмсалды.  Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу, жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: