Ислам тұрғысынан қандай ойындарға рұқсат етілген болып саналады?

Ислам тұрғысынан қандай ойындарға рұқсат етілген болып саналады?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жер бетіндегі адамның өмірі – қамшының сабындай өте қысқа. Сол себепті де өмірдің әрбір сәті кез-келген материалды құндылықтардан аса қымбат болып табылады. Сонымен қатар, бұл өмірдің бізге сынақ үшін берілгенін естен шығармауымыз қажет әрі тек осы өмірді қалай сүргеніміздің нәтижесіне біздің мәңгілік өміріміздегі жағдайымыз тікелей байланысты болмақ.

Сондықтан да иман келтіргендер уақытының көбін Алла Тағаланың разылығына лайық болуға жұмсауы тиіс. Алайда бұл адам таң атқаннан кешке дейін құлшылық ету керек дегенді білдірмейді. Көп нәрсе адамның ниетіне және пайда келтіретін ісіне байланысты жүзеге асады. Ал енді ойын жағына келер болсақ, біріншіден, ол құмар ойыны болмауы керек әрі адам уақытының басым бөлігін алмағаны абзал. Ойынның қандай түрі болмасын, адамға пайдасын тигізуі және адамды жақсылық жасауға итермелеуі қажет. Бәлкім, ойындар арқылы исламнан алыс адамдардың көңілін дінге аударуға болады. Сөзсіз, бұл жағдайда ойындар пайдалы болып табылады, бірақ бастысы, Алланың заңдары бұзылмауы тиіс, яғни, бұзақылық пен ақшалай ұтыстар орын алмауы керек, әурет жерлер жабық болуы тиіс әрі бұл ойындар Алла Тағаланың жаратқан пенделерінің тікелей міндеттерінің орындалмауының себебіне айналмауы керек.

Алла Тағала Құранда былай айтқан: «Әй мүміндер! Арақ, құмар, тігілген тастар (пұттар) және бал ашатын оқтар лас, шайтанның істерінен. Одан сақтаныңдар, құтыларсыңдар. Негізінен шайтан, арақта, құмарда араларыңа дұшпандық әрі кек салып, Алланы еске алудан және намаздан тосуды қалайды. Ал сонда да тыйылмайсыңдар ма?» (5:90-91).

Сондықтан рұқсат етілген дүниелердің шегінен шығып кетуден сақтаныңыз да Жаратушының Рақымына лайықты тақуа пенделері болуға тырысыңыздар.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: