Кешіре алмайтын мұсылманның халі не болмақ?

Кешіре алмайтын мұсылманның халі не болмақ?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Кімде-кім жауласуын тоқтатып, досына барса, онда ол жақсы әрі Алла алдында дәрежесі көтеріледі» (хадис).

«Алла Тағала мұсылманның кемшілігін кешірген әрбір жанның өз күнәларын кешіреді» (хадис).

Өмір – сан қырлы. Өмірде бәрі біздің қалауымыз бойынша бола бермейді. Үнемі адамдар бізбен жақсы қарым-қатынаста болмайды әрі біз де өзгелерге лайықты түрде қарай алмаймыз. Кейде бізді сатып кетеді, жанымызды жабырқатады, оны біз ұмыта да, кешіре де алмай жатамыз. Біздің көңілімізді кім қалдырса да, алдымен, кешіре білмеу өзімізге зиян болып тиеді. Ол соңымыздан сүйретіліп жүрген бір ауыр жүк тәрізді біздің толыққанды өмір сүруімізге мүмкіндік бермейді. Аллаға шүкір, кез-келген жағдайда біздің дініміз өміріміздің барлық саласын ретке келтіріп, біздің басты көмекшімізге айналады.

Біріншіден, кешіре білу — сүннет, яғни біздің сүйікті Пайғамбарымыздың (ﷺ) ұйғарымы. Кешірім беру арқылы мұсылман құлшылық еткендей игі амал жасайды, өз абыройы мен растықты іздеу емес, тыныштық пен татулықты сақтайтын исламның рухын  көрсетеді.

Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Сені ренжіткен, сенің бір нәрсеңді тартып алған адаммен татулас әрі саған қатысты әділ болмағанды кешір!» (Ахмад).

Анас ибн Мәлік былай айтқан: «Пайғамбарымыз өзіне зиян келтірген адамды жазалауға тырысқанын ешқашан көрмедім, керісінше, ол мейірімді болуға әрі ренжітушіні кешіруге  үндейтін» (Әбу Дәуд).

Жер бетіндегі пенденің ешбірі күнәсіз емес, әрқайсымыз болсақ та шалыс басып қаламыз, өзімізге немесе басқа жандарға қатысты күнә жасап қоямыз. Біздің міндетіміз — мейірімділік таныту, өзімізге де тән пендешілікті түсініп, шынайы түрде кешіру. Өзгелерге қатысты икемділік танытпасақ, Алла Тағаланың өз күнәларымызға жарылқау беретіндігіне үміт ете аламыз ба?

Қасиетті Құранда былай айтылған: «Сендерден кеңшілік, молшылыққа ие болғандар; жақындарына, міскіндерге, мұһажірлерге Алла жолында бермеуге ант етпесін. Ғапу етіп, кешірсін. Алланың сендерді жарылқауын жақсы көрмейсіңдер ме? Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді» (24:22).

Ал басқа бір аятта былай келтірілген: «Әй мүміндер! Сөзсіз әйелдеріңнен балаларыңнан өздеріңе дұшпан болатындар да бар. Олардан сақсыныңдар. Егер оларды кешірім етсеңдер, шығыссаңдар, жарылқасаңдар, шәксіз Алла, өте жарылқаушы, ерекше мейірімді» (64: 14).

Ал кешіре алмайтын адам неден құр алақан қалады?

«Кімде-кім өз бауырының кешірімін қабыл етпесе, сол Кәусәр бұлақтан су ішпейді» (Хаким).

«Мұсылман бауырының кешірімін қабыл етпеу күнә болып табылады» (Әбу Дәуд).

 «Кімде-кім Алла разылығы үшін кешірім берсе, Алла оны ұлықтайды» (Мүслім).

«Кешіріңдер, сонда сендер де кешірілесіңдер» (Ахмад).

«Кімде-кім дөрекілікке жұмсақтықпен жауап берсе, зұлымдықты кешірсе, сараңдық танытатындарға жомарт болса, аулақ жүретіндерге жақындаса, онда жоғары дәрежеге ие болады» (Беззар).

«Қиямет күні: «Кешірім бергендер қайда? Жоғары адамгершілікке ие жандар Жұмаққа кіріңдер», - деген дауыс шығады. Сонда кешірім бергендер үн қататын болады».

«Кімде-кім кешірімді қабыл етпесе, кешірім сұраушының күнә ауыртпалығын өзіне жүктеп алады» (Ибн Маджа).

Ендеше, Алланың шарапатымен, кешіре алатын мұсылман Жұмақтағы Кәусәр бұлақтан су іше алатын болады, Алла оны ұлықтайды, Қиямет күні өзі кешіріліп, жоғары дәрежеге ие болатын болады. Ал кімде-кім  мейірімділік танытпаса, мұның бәрінен құр алақан қалады. 

Кешірім — иманның шынайы көрінісі. Адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) былай айтқан: «Кешіре әрі райдан қайта біліңдер, өйткені кешірім мен мейірімділік таныту пенденің маңыздылығын арттыра түседі. Егер Алланың сізді ұлықтауын қаласаңыз, онда өзгелердің де күнәларын кешіріңіз».

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз:

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active