Қиямет күні оттан екі тілі болатын адамдар

Қиямет күні оттан екі тілі болатын адамдар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Адамдардың ең жаманы – екіжүзділері»

Факих өз иснадымен Хузайфтан (р.а.): «Пайғамбарымыздың (ﷺ): «Өсекші Жұмаққа кірмейді», - деп айтқанын естідім дегенін келтірген. 

Әбу Хурайра (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Сендердің ең жамандарың кім екенін білесіңдер ме?» Олар болса: «Алла мен Оның Елшісі жақсы біледі», - деген. Сонда Пайғамбарымыз  (ﷺ) былай айтқан: «Сендердің ең жамандарың  - екіжүзділерің. Олар біреулерге бір түрмен, ал басқаларға өзге түрмен келетіндер».

Ибн Ғаббас (р.а.) былай айтқан: «Бір күні Пайғамбарымыз (ﷺ) екі қабірдің ортасынан өтіп келе жатып: «Бұлар кіші-гірім күнәлары үшін азапталуда. Біреуі несептен тазармағандығы үшін, ал екіншісі – өсек тасығаны үшін», - деген. Содан кейін Пайғамбарымыз (ﷺ) жас пальма бұтағын екіге бөліп, әрқайсысын екі қабірге шаншып қояды. «Уа, Алла Елшісі, мұны неге жасадың?», деп сұрағандарға, ол былай деп жауап берген екен: «Бұл бұтақтар кеуіп қалғанша, олардың қасіретін жеңілдететін шығар».

Факих былай айтқан: «Олар кіші-гірім күнәлары үшін азапталуда» деген сөздің мағынасы мынада – адамдар үшін бұл күнәлар кішкентай болғанымен, бірақ Алла алдында – үлкен күнәлар болып табылады».

Хузайф (р.а.) келтірген хадисте өсекші Жұмаққа кірмейді делінген. Егер ол Жұмаққа кірмесе, ендеше, Қиямет күні оның барар жері Тозақ болғаны. Өйткені бұл күні адам Жұмаққа не Тозаққа түседі. Өсекшіге Алла Тағалаға тәубе ету уәжіп болып табылады. Егер ол тәубесіне келмесе, бұл дүниеде масқара болады, қабір азабына ұшырайды, ал Қиямет күні Тозақ отына түсетін болады. Егер оған ажал жетпегенше, тәубесіне келер болса, онда Алла оның тәубесін қабыл етеді. 

Хасан (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Сендердің ең жамандарың  - екіжүзділерің. Олар біреулерге бір түрмен, ал басқаларға өзге түрмен келетіндер. Бұл фәни дүниеде екі тілді болған адамның Қиямет күні оттан екі тілі болады».

Кутада былай айтқан: «Алла Тағаланың ең зұлым құлдары қарғайтындар мен өсекшілер болып табылады делінген».

Сондай-ақ, былай да айтылған: «Қабір азабы үш бөліктен тұрады: біріншісі – ғайбат айтқандарға, екіншісі – несіптен тазармағандарға және үшіншісі - өсекшілерге».

Өсектің салдары неге әкеліп соғатыны жайында Хамид бин Салмат былай айтқан: «Бір адам құлын мақтап сатып тұрып, оның жалғыз кемшілігі өсек таситындығы деп айтады, ал сатып алушы мұны кемістікке баламайды. Жаңа иесінің сеніміне әбден кіріп алған құл өтірік пен өсек тарата бастайды. Күндердің күнінде құл иесінің әйеліне былай айтады: «Асылында, сенің күйеуің сені сүймейді, ол сенің кетіп қалуыңды қалайды. Сен өзіңнің сыйлы болғаныңды қалайсың ба?» Әйелі болса: «Иә, қалаймын», - деп жауап береді. Құлы оған: «Күйеуің ұйықтап жатқанда пышақпен оның сақалының төменгі жағынан біраз кесіп ал», - дейді. Содан кейін әлгі құл иесіне келіп былай айтады: «Расында, сенің әйелің өзіне ашына тауып алды, енді ол сені өлтіргісі келеді. Сенің өлгің келе ме?» «Жоқ, келмейді», - деп жауап береді иесі. Сонда құлы: «Онда өтірік ұйықтаған болып жат», - дейді. Құлына сенген иесі оның айтқанын жасайды. Ал әйелі болса құл айтқандай қолына пышақты алып, ақырындап күйеуінің сақалының төменгі жағын кесуге кіріседі. Расымен әйелі оны өлтіргісі келіп тұр деп ойлап қалған күйеуі әйелінің қолынан пышақты жұлып алып, оның өзін өлтіріп тастайды. Ал бұдан кейін әйелінің туыстары оны өлтіреді, ақыр аяғында, бұрынғы ерлі-зайыптылар туыстарының арасында өшпенділік пен дұшпандық туады».

Көріп отырғанымыздай, өтірік, өсек – адамды Тозаққа жетелейтін амалдар, мұндай жаман амалдардан бойымызды аулақ ұстауға тырысайық.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз:

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active