Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлының бастамасымен аудан имамдары келелі жиында бас қосты.
Аудан имам-молдаларының басын қосқан жиында V Республикалық имамдар форумында қабылданған "Қажының рухани келбеті" тұғырнамасы, "Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рухани және ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы рөлі", "Имамның жамағат намазын өткізу тәртібі" құжаттары таныстырылды.
Мешіт қызметкерлеріне бірқатар тапсырмалар беріліп, 5 уақыт намазда мешіт имамы мешітте болу керек екендігін атап өтті.
Алла Тағала елімізге, жерімізге амандық, жүректерімізге имандылық берсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

