#Меркі ауданы: Шәкірттер Құран жаттауда

#Меркі ауданы: Шәкірттер Құран жаттауда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы «Жүніс молда» мешітінің ұстазы Халыллаев Тойлыбайдың ұстаздығымен мешіт шәкірттері Құран жаттауда.

Мешіт жанынан ашылған «Сауат ашу» ғимараты бүгінде ел игілігіне беріліп, шәкірттер тәлім-тәрбие алуда. Дәріс «Құран оқып үйрену», «Исламдағы әдеп», Исламдағы құлышылық» және «Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі мен салауаты болсын) өмір баяны» тақырыптарында беріліп жатыр.

Айта кетейік, «Жүніс молда» мешітінің ұстазы Халыллаев Тойлыбай ұстаздың 7 жылдық қызметі барысында бірнеше шәкірттер дайындап, алды Елімізге қарасты діни оқу орындарын бітіріп, ауданға қызмет етіп жатса, арты діни оқуларын жалғастыруда.

Алла Тағала мешіт қызметкерлерінің істеп жатқан амалдарын қабыл етіп, сауаптан жазып, елімізден, жерімізден Құран жаттаған шәкірттердің көптеп шығуын нәсіп етсін!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: