#Меркі ауданы: Мешіт ауласы көркейе түсті

#Меркі ауданы: Мешіт ауласы көркейе түсті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті жұманың қарсаңында Меркі ауданы, Талдыбұлақ ауылына қарасты «Шәкір» мешітінің ауласына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мешіт алдына асфальт төселді.

Ауыл жастарының жұмылдырылуымен мешіт ауласының ойық-шұқыр тесіктері тегістеліп, көліктің кіріп-шығуы жеңілдеп, көркейе түсті.

Қасиетті күнде сауапты іске қаржылай демеушілік жасаған кәсіпкерлерге ауыл имамы Жабықбаев Еркебұлан ризашылығын білдіріп, отбасыларына амандық, дендеріне саулық, кәсіптеріне береке тіледі.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: