Біріккен Араб Әмірлігінде аптап ыстық, рекордтық 50,5 градус тіркелді

Біріккен Араб Әмірлігінде аптап ыстық, рекордтық 50,5 градус тіркелді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Біріккен Араб Әмірлігінде (БАӘ) рекордтық  көрсеткіш тіркелді.

Gulf News газеті хабарлағандай, Әбу-Дабиде маусымның басы үшін рекордтық деңгейдегі жоғары ауа температурасы тіркелді. Мұнда сынап бағанасы  50,5 градус ыстықтықты көрсетті.  

Күннің осылайша аптап ыстық болуына Сауд Арабиясының шөлді аудандарынан ыстық ауаны әкелген оңтүстік шығыстан соққан жел себеп болды. Бұл климаттық жағдай тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигізді, дәрігерлердің көмегіне жүгінгендердің саны артты, деп жазды басылым.  Осыған байланысты ақ халаттылар Әмірлік тұрғындарына шұғыл мәлімдеме жасады.  

Олар мүмкіндікке орай далаға шықпауға, суды көбірек пайдаланып, көп қимылдамауға кеңес берді. 

hibatulla.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: