Бейжіңде барлық қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салынды. Заң талабының орындалуын мыңдаған инспектор бақылайтын болады, оны орындамаған жағдайда кінәлі адамға еселенген айыппұл салынбақ, деп хабарлайды Би-би-си.
Жаңа ережелерге сәйкес, мектеп пен аурухана қасында темекі шеккен адам 32 долларға жуық айыппұл төлейді (қазіргі кезде айыппұл небәрі 1,6 долларды құрайды).
Қытай халқының темекіге әуестігі жағынан әлемдік «көшбасшы». Елде 300 миллионға жуық темекі шегетін адам бар. Бұған дейін салынған барлық тыйым темекі тартушылар санын азайтқан жоқ.
hibatulla.kz