Вашингтондық метрополитен әкімшілігі «Америкалық бостандықты қорғау бастамасы» ұйымы Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың карикатурасын орналастыруға тілек білдіргеннен кейін кез келген әлеуметтік-саяси жарнаманы жариялауды тоқтатты, деп жазады Би-би-си.
Бұдан бұрын «Америкалық бостандықты қорғау бастамасы» пайғамбарға арналған карикатура байқауын ұйымдастырып, жеңіске жеткен суретті АҚШ астанасының қоғамдық көлігіне орналастырмақшы болған.
Байқау Техаста мамырдың басында өтті. Сол кезде екі адам атыс ұйымдастырып, оларды полиция өлтірген болатын.
Ислам Мұхаммед пайғамбардың суретін көрсетуге тыйым салған. Байқауда жеңіске жеткен суретте пайғамбар қылышпен: «Мені бейнелей алмайсың!» деп қаһарлана сөйлеген, оған суретші қарындашпен: «Сол үшін де бейнелеймін» деп жауап берген.
hibatulla.kz