Бүгін - мемлекеттік мереке - Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері күні. Бұл күні Қазақстанның барлық өңірлерінде, басты Астана және Алматы қалаларында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шаралар, дөңгелек үстелдер, конференциялар және басқа да мерекені ұлықтайтын шаралар өтеді, өйткені бұл мереке Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең маңызды оқиғалардың бірі.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер - бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады. «Мемлекеттік рәміздер - бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді», - деген болатын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
hibatulla.kz