Нигерияда «Боко Харам» радикалдық тобының содырлары елдің солтүстік-шығысында орналасқан Губио қаласына шабуылдау уақытында 43 адамды қаза тапты, оның ішінде екі бала бар.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 50-ге тарта адамнан тұратын экстремистер жасағы қалаға басып кіріп, қаланың астан-кестеңін шығарған.
Радикал-исламистер жергілікті тұрғындарың 400-ге жуық үйін өртеп, көліктерін жағып жіберген. Сегіз мешіт, төрт мектеп, қалалық әкімшілік ғимаратын қиратты, деп хабарлады ТАСС. Тұрғындар құрылыстарды қалпына келтіруді талап етуде.
«Боко Харам» Нигерияның солтүстік-шығысында ислам халифатын құрып, шариғат нормаларын (ислам құқығын) енгізуді көздеуде. Радикалдар кей мешіттерді жолдан жаңылысқан деп санап, оларды өртке орауда.
hibatulla.kz