ЮНИСЕФ суицидке қарсы халықаралық жоба әзірлеп жатыр

ЮНИСЕФ суицидке қарсы халықаралық жоба әзірлеп жатыр

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ЮНИСЕФ суицидті болдырмау бойынша халықаралық жоба әзірлеп жатыр. Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында Қазақстандағы Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Юрий Оксамитный мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Суицид бүгінде тек Қазақстанда ғана емес, біздің өңірдегі Ресей, Украина, Беларусь, Балтика маңы елдерінде де белең алып отырған жағдай. Қазақстан мұндай проблеманың бар екенін жасырмайтынын айта кету керек. Бұл – осы елдегі ашықтықтың белгісі. Үкімет пен жергілікті билік органдары осы бағытта белсенді жұмыстар жүргізуге дайын. ЮНИСЕФ осы процестің басты серіктесі. Қазір біз ең үздік және танымал халықаралық сарапшыларды тарту арқылы жасөспірімдер арасындағы суицидті болдырмау үшін өте маңызды халықаралық жобаны әзірлеп жатырмыз. Бұл жұмыстың нәтижесі алдағы уақытта-ақ көрінеді деп үміттенеміз. Алайда, суицид феномені психологиямен, денсаулық, экономикалық және әлеуметтік жағдайға да байланысты екенін ұмытпау керек», – дейді Ю.Оксамитный.

Ю.Оксамитный Қазақстанда соңғы 15 жылда бала өлімі 3-4 есе азайғаны үлкен жетістік екенін айтып, егер, мүмкіндік, ниет және өзара ынтымақтастық болса, онда суицид мәселесін де шешуге болатынын жеткізді.

hibatulla.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: