«Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі Еуропаға жұмыс сапарымен барды (ФОТО)

«Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі Еуропаға жұмыс сапарымен барды (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің меңгеруші Бейбіт Мырзагелдиев пен бөлім қызметкері Мұратбеков Бахытжан Болгарияның Пловдив қаласында орналасқан халал ет өнімдерін шығаратын ЖШС «УНИТЕМП» кәсіпорында болып, оның жұмысымен танысты.

ҚМДБ-ның өкілдері жергілікті кәсіпорынды аралап, бизнесті жүргізу барысында шариғат талаптарын қадағалау бойынша тәжірибе алмасты.

Бұл мекеменің ет өнімдері шариғат талаптарына толық сай екендігіне көз жеткізілді. Мәселен: мал сою барысында шариғат ережелеріне жете мән беріп, малды Алланың атымен сою, қаны толық ағып болуын күту және тазалықтың толық сақталуы сияқты процесстердің орындалатыны анықталды.

Аталмыш мекеме Еуропа кеңістігенде 20 жылға таяу жұмыс жасап келе жатқан халал кәсіп орынның бірі. Сонымен қатар, ЖШС «УНИТЕМП» шығаратын ет өнімдері Қазақстанның кейбір облыстары мен қалаларына кеңінен экспортталып келеді.

 

muftyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: