Мьянма үкіметі «көп бала табады» деген желеумен осы елдегі рохиньялық мұсылмандарға мәжбүрлі шара қолдануы мүмкін, нақтырақ айтқанда, контрацепция туралы заң қабылдануы ықтимал, деп жазады Islam.kz.
Адамдыққа жат заң жобасын буддашыл радикалдар ұсынған. Олар рохиньялық мұсылмандардың көбейіп кетуінен қауіптеніп отыр. Мьянма президенті қол қойған заңға сәйкес 14 штаттың билігі бала табудың мерзімін шектеп, 3 жылға бір баладан ғана перзент рұқсат етілетін болды.
Буддашыл радикалдардың бұл бастамасы халықаралық қауымдастық тарапынан қатаң сынға ұшыраса да, айылын жияр емес.
hibatulla.kz