Рамзан Қадыров Голливуд режиссерінің фильмінде басты рөлді сомдады

Рамзан Қадыров Голливуд режиссерінің фильмінде басты рөлді сомдады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров «Түсінбеген түсінеді» («Кто не понял, тот поймёт») фильмінде басты рөлде ойнады, деп хабарлады ТАСС. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

«Жақын арада теледидар экрандары мен кинотеатрларда «Түсінбеген түсінеді» фильмін тамашалаңыздар. Көп уақытқа созылған келіссөздерден кейін осы картинаға түсіп, басты рөлді ойнауға келістім. Жеке қойылымдар түсірілді», - деп атап өтті ол.


Оның сөзіне қарағанда, фильмнің режиссеры - атақты голливудтық фильмдердің авторы. Сондай-ақ, фильмде ең танымал әлем киножұлдыздары түскен.

hibatulla.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: