СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қаладағы ірі даңғылдардың біріне Назарбаевтың атын беру туралы шешім Адананың облыстық мәслихатының Қазақстанның президентінің құрметіне өткізілген отырысы барысында қабылданды.
Ашылу салтанаты барысында Адананың губернаторы Мұстафа Бүюк пен мэрі Хүсейін Сөзлю Қазақстанның серпінді дамуын, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығындағы еліміздің жетістіктерін жоғары бағалады.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық деңгейлі атақты тұлға болып табылады, ал елінің болашақ дамуы жөніндегі стратегияларын Түркияның негізін қалаушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің іспеттес көзқарастарымен салыстыруға келеді. Қазақстанның Назарбаевтың қоластындағы әлемнің көптеген мемлекеттері үшін өркендеу, бейбітшілік пен тұрақтылықтың символы екендігін айтып кеткім келеді», – деді губернатор Мұстафа Бүюк.
Өз кезегінде, елші Жансейіт Түймебаев провинция басшылығы мен қала тұрғындарына Назарбаевтың атына және Қазақстан халқына білдірілген сый-құрметі үшін ризашылығын білдірді.