Газа секторында Karama-Gaza деп аталатын кинофестиваль ұйымдастырылды

Газа секторында Karama-Gaza деп аталатын кинофестиваль ұйымдастырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Газа секторында алғаш рет адам құқықтарына арналған Karama Gaza деп аталатын кинофестиваль өтті. Ұйымдастырушылар шараны жоғары деңгейде өткізу үшін барын салған. Бұл туралы 24.kz сайты жазады. 

Алайда қызыл кілем өткен жазда Израиль әскери операцияларынан кейінгі қирандылардың ортасына төселді. Жиынға жергілікті танымал тұлғалар ғана шақырылды. Фестиваль директорының айтуынша, аталған шара Канн кинокөрсетіліміне қарымта жауап ретінде қолға алынған.

Осылайша басында баспанасы жоқ, тұрмысы төмен адамдардың проблемасын әлемге паш ету басты мақсат болды, - дейді ол.

Кхалил Мозаин, Karamа-Gaza кинофестивалінің директоры:

- Осы шара арқылы Газаның қоршауда қалып қирап жатқанына жаһан назарын аударғымыз келеді. Фестивальде әлемнің әр қиырынан оның ішінде Палестина мен Газа секторынан ұсынылған 28 фильм көрсетіледі. Бұл кинолар 172 туындының ішінен таңдап алынды. Біз бүкіл әлемге соғыстың зардабына қарамастан, бостандықты қалап, өмірді сүйетінімізді көрсеткіміз келеді. 

hibatulla.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: