Израиль ғалымдары супербактериялармен күресудің әдісін тапты

Израиль ғалымдары супербактериялармен күресудің әдісін тапты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мамандар антибиотиктердің жыл өткен сайын өз күшін жойып, жұқпалы ауруларды емдеуде тиімсіз құралға айналғандығын айтты. Осыған байланысты Тель-Авив университетінің ғалымдары бактериялармен күресті зарарсыздандыру арқылы жүргізуді бастапты. Бұл туралы 24.kz сайты жазады.

Ғалымдардың мәлімдеуінше, олар жасап шығарған зарарсыздандыру құралы супербактериялардың гендерін жойып, қарапайым бактерияға айналдырады. Ал бұл микробтарды антибиотиктермен емдеуге болады. Сөйтіп, израильдік зерттеушілер дәрілердің әсер ету күшін арттыруға қыруар қаржы жұмсаудың орнына осындай жолды ойлап тауыпты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы антибиотиктердің бактерияларға қарсы күресте қауқарсыз екендігін мәлімдеп, дабыл қағуда. Себебі соның салдарынан жыл сайын Жер бетінде 700 мыңнан астам адам көз жұмады, деп жазады planet-today.ru. 

hibatulla.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: