Рим Папасы М.Аббасты «Бейбітшілік періштесі» деп атады

Рим Папасы М.Аббасты «Бейбітшілік періштесі» деп атады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ватиканда Рим Папасы Франциск Палестина көшбасшысы Махмуд Аббаспен кездескенде оны «Бейбітшілік періштесі» деп атады, деп жазады «ВВС» агенттігі. 

Бұл сөзді Понтифик Махмуд Аббасқа періште бейнеленген медальды табыстап жатқанында айтқан. 
Палестина басшысы Ватиканға бүгін, жексенбі күні өтетін 19 ғасырдағы екі палестиналық тақуа әйелді шіркеудің қасиетті адамдары қатарына қосу салтанатты шарасына қатысу үшін барды. 

Өткен бейсенбі күні Ватикан жақын арада Палестинаны мемлекет ретінде танитынын және дипломтиялық байланыс орнататынын мәлімдеген болатын. Израиль Сыртқы істер министрлігі Ватиканның мұндай шешім қабылдауы мүмкін еместігін айтып, ол бейбіт келісімді жылжытуға көмектеспейтінін мәлімдеген.

hibatulla.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: