Дубай муниципалитеті халыққа қызмет көрсету орындарына «әдепсіз» киінген әйелдерге ұзын жеңді дәстүрлі араб киімін тарататын болады, деп жазады «Әл Халедж» газеті.
Бұған «жартылай жалаңаштанған» келушілерге қатысты шағымдардың көптеп түсуі себеп болуда. Мемлекеттік мекемеге келгендер дресс-код сақтамаған жағдайда, Дубайдың атқарушы кеңесі келушіні мекемеге кіргізбеуі мүмкін.
Құжатта атап өтілгендей, көшеде, сауда орындары, мейрамханалар сияқты қоғамдық орындарда әйелдерге тізеден төмен түсетін юбкалар мен шортылар киюге рұқсат берілетіні атап өтілген. Бұдан басқа, киім ашық-шашық, сонымен бірге киімдерде тіл тигізетін, қорлайтын жазбалар болмауы тиіс.
Шағымдар ер, әйел адамдардан да, басқа ұлт өкілдерінен де түсуде екенін атап өткен жөн. Дресс-кодпен барлық ірі сауда орындарында танысуға болады: айтқандай, бұл орындарда темекі шегуге, үй жануарларын әкелуге, қызба эмоциялық әсерге берілуге тыйым салынады.
hibatulla.kz