Миғраж түні бақ кірсін отбасымызға

Миғраж түні бақ кірсін отбасымызға

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қадірменді жамағат, құрметті мұсылман бауырлар! Сіздерді ережеп айының екінші қасиетті түні саналған Миғраж түнімен құттықтаймын! Алла отбасыларыңызға бақ-береке, дендеріңізге саулық нәсіп етсін. Осы түннің шарапатымен екі дүние бақытына жолығуларыңызды тілеймін.

Расында бұл түн – мұсылман баласына көптеген сый әкелген түн. Исра және Миғраж оқиғасы біздің жыл санауымыз бойынша 621 жылы ережеп айының 26-нан 27-не қараған түні – дүйсенбіде, Меккеден Мединеге һижрат етуден 18 ай бұрын болып еді. Кейінірек жыл сайын зор ықыласпен бұл түнді нәпіл ғибадаттармен атап өткізу мұсылмандар үшін дәстүрге айналды. Осы түні Пайғамбарымыз хазiретi Мұхаммед (с.ғ.с.) Меккедегi әл-Харам мешiтiнен Құдыстағы (Иерусалим) әл-Ақса мешiтiне көзді ашып жұмғанша сапарлатып, сол жерден миғражға – жетi қат көкке көтерiлiп, Алла тағаламен тiлдескен болатын. Миғраж – Алла тағалаға жақындаудың ең жоғарғы дәрежесi.
Миғраж – пайғамбарымыз Мұхаммедтiң (с.ғ.с.) ең үлкен мұғжизаларының бiрi. Мұғжиза – тек пайғамбарларға тән таңғажайып іс. Ал, Құдiретті Аллаға және Оның пайғамбарына сенген адам мұғжизаға да сенедi. Миғраж оқиғасы арқылы мұсылмандардың имандары күшейді, кәпірлердің дұшпандығы артады.
Құрметті мұсылма ағайын! Бізге Алладан берілген нығметті мақрұм етпей осы түнді құлшылықпен өткізіп, намазда болайық!

«ҺибатуллаТарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: