Дубайда су астынан теннис кортын салмақ

Дубайда су астынан теннис кортын салмақ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Араб жерінде су астындағы қонақүй мен виллалар салу идеясынан өзге көк айдынның тұнығында теннис кортын тұрғызу жоспарлануда, деп хабарлады www.24.kz.

Бұл жобаны польшалық архитектор әрі 8+8 Concept Studio  компаниясының иесі Крзыстоф Котала алға тартқан екен. Қазіргі уақытта сәулетші осы ойын іске асыру үшін инвесторлар іздеп жатқан көрінеді, деп жазады newsru.com. 

Оның айтуынша, мұндай нысандардың салынуы туристердің ағылуын арттырып, сол арқылы мол қаржылық табыс келтіреді. Егер тұрғызылған жағдайда, су астындағы теннис корты спорттық сайыстар үшін қолданылатын 7 залы бар заманауи спорт кешені болмақ. Теннис кортын салу үшін жетік технологиялар мен наноцемент және көміртекті әйнек секілді экологиялық таза материалдар қолданылады.

hibatulla.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: