2015-2016 оқу жылдарына Алматы қаласы, Медеу ауданында орналасқан арнаулы орта білім беру мақсатында ашылған медресеге оқуға түсемін дейтін талапкерлерге тамыз айының 10-20 аралығында емтихан болады.
Қазіргі таңда оқуға түсуге қажетті құжаттар қабылданып, дайындық курсы жүріп жатыр. Келіп оқимын деушілерге есік ашық. Медресенің оқу жүйесі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшылығымен жүргізіледі.
Оқу түрі - күндізгі
Оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай
Бітірушілерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі. Мемлекеттік лицензиясы:№14005315
Медресе оқу ғимаратында кітапхана, компьютер сыныбы, лекциялық аудиториялар, асхана, жатақхана және басқа да материалдық базасымен толық қамтамасыз етілген. Медреседе жоғары тәжрибелі исламтанушы мамандармен бірге медресе қабырғасында бірнеше жылдық іс-тәжрибесі бар оқытушылар дәріс береді. Олардың ішінде шетелден шақырылған арнайы мамандар да бар.
Медресе шәкірттері емтихан нәтижесі бойынша қабылданады.
Оқуға түсуге қажетті құжаттар тізімі:
- Медресе директоры атына өтініш;
- Жергілікті имамдардың берген ұсынысы;
- Өмірбаян ;
- Орта білім беру туралы аттестат (түпнұсқасы) ;
- 086 үлгідегі дәрігерлік анықтама + (флюрография) ;
- 63 үлгідегі анықтама ;
- Психодиспансерден анықтама ;
- Наркодиспансерден анықтама ;
- Көлемі 3*4 сурет (6 дана) 4*6 сурет (1 дана) ;
- Жеке куәліктің көшірмесі ;
- Әскери билет немесе әскерге шақыру туралы куәлігі ;
- Тұрғылықты жерден анықтама ;
- Сотталмағандығы жөнінде анықтама ;
Мекен жайы: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 12.
Байланыс тел: 8 (727) 397 63 03; +7 702 305 04 35; + 7 701 644 48 49