Непалдағы алапат жер сілкінісі салдарынан 4 мыңнан астам адам ажал құшты, деп жазады ТАСС.
Бұл туралы аталмыш елдің ішкі істер министрлігі Twitter-дегі парақшасында хабарлаған. Ведомствоның хабарлауынша, 7 мыңнан астам адам медициналық көмекті қажет еткен.
Гималайда магнитудасы 4,9-дан 6,9-ға дейінгі жер асты дүмпулері әлі де жалғасуда.
Қазіргі кезде жер сілкінісінің кіндігі үнділік Батыс Бенгалия штатына ауысты, алайда Непал тұрғындары әзірге бүтін қалған баспаналарына қайта оралуға үрейленіп отыр.
hibatulla.kz



04 Қараша 2025
13 Джумада-авваль 1447

