Орамал таққаны үшін ток-шоудан қуды

Орамал таққаны үшін ток-шоудан қуды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Американың медиа алыбының бірінен саналатын «Warner Bros» әкімшілігі жуырда өздерінің студияларында орын алған келеңсіз жайтты мұқият тексеруге уәде берді, деп жазады islam.kz сайты. 

Нақтырақ айтқанда, “The Real” ток-шоуы басталар кезде режиссер мұсылман әйелдерін шариғат шәлісін жамылғаны үшін аудиториядан қуған болатын. Бұл жайында «Al Arabiya» ақпарат көзі хабар таратты. Студия басшылығы шариғат шәлісін жамылғандарды түсірілімге қатыстырмауды қарастыратын ішкі ереженің барын айтып, ақталып отыр.

Осыған байланысты мұсылман әйелдер шағымданған Америка-Ислам қатынасы жөніндегі кеңес: «Warner Bros-тың шариғат шәлісін жамылған әйелдерді камерадан алыс ұстауға ешқандай заңдық негізі жоқ»,- деп мәлімдеді.

hibatulla.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: