Германия футболшысы: «Исламнан үміт пен жігер көремін»

Германия футболшысы: «Исламнан үміт пен жігер көремін»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Германиялық 24 жасар футболшы Бундеслиги Данни Блум: «Исламға келгелі өмірім өзгерді. Мен Исламнан үміт пен жігер көремін. Ал, намаз жанымды рахатқа бөлейді», - дейді  жергілікті телеарналға берген сұхбатында.

Футболшы 2014 жылдан бері  Бавариядағы «Нюрнберг» футбол клубының ойыншысы. Бұл команда Германияның кәсіби футбол лигасының екінші дивизионында ойнайды. Блум осы командаға келгеннен кейін  тізесін жаралап алғандығы себепті алты ай үзіліс алған болатын.

Дәл осы кездері неміс футболшысы мұсылман болуға шешім қабылдайды. «Мешітке бірінші кірген кезімде жүрегім қатты соғып, өзіме осының керек екенін сездім. Сөйтіп, Ислам туралы көп білгім келді», - деп еске алады сол сәтін футболшы.

Сол уақыттан бері ол намазға жығылып, тек халал өнімдерді ғана қолданып келеді. Сонымен бірге, Ислам – бейбітшілік діні екеніне нақ сенімді.

Оның әке-шешесі христиан дінін ұстанғанымен, ұлдарының Исламды қабылдауына еш қарсы болмаған.

hibatulla.kz

Сайт материалын қолданғанда сілтеме көрсетуіңіз  міндетті 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: