Таиландтың оңтүстігінде орналасқан елді-мекеннің мұсылман жамағаты оқушы қыздардың орамал тағуына тиым салған мектеп директорын сынға алып, ел билігіне шағымданды. Бұл туралы «Ансар.ру» сайты хабарлады.
Елді-мекенде орналасқан бір мектептің директоры Висутсри Юнгпонгсапат (Wisutsri Yungpongsapat): «Оқушы қыздардың сабаққа орамал тағып келуі, мектеп ережесіне қарама-қайшы келеді. Мұсылман оқушы қыздар орамалды үйлерінде тақсын, ал мектепке келгенде мектеп ережесіне сай киінулері керек», - деген уәж айтқан.
Жергілікті ислам көшбасшылары провинцияның билік өкілдеріне осы туралы баяндап, шағымданған.
Бастауыш білім беру комиссиясының бас хатшысы Камол Родклай (Kamol Rodklai), мұсылмандардың шағымын дереу қарастырып, мектеп директорының өз қызметінен кеткенін және оқушы қыздардың мектепте хиджаб тағуына салынған тиым алынып тасталғанын мәлімдеді.
hibatulla.kz
Сайт материалын қолданғанда сілтеме көрсетуіңіз міндетті