«Imam-e-Haram» деген атпен танымал, Қағбаның бас мүфтиі, шейх Халид бин Әли әл Гамди (Khalid Bin Ali al Ghamdi), осы аптада 6 күндік іс-сапармен Пәкістан еліне барады. Бұл туралы Дін істері министрлігінің баспасөз хатшысы хабарлады.
Саудиялық мұсылман көшбасшы Пәкістан еліне сол елдің басшысының арнайы шақыртуымен барады.
Іс-сапар барысында шейх Халид бин Әли мырза Лахор қаласында салынған жаңа мешітті ашады.
Бұл мешіт әлемдегі ең ірі жетінші мешіт болмақ.
hibatulla.kz
Сайт материалын қолданғанда сілтеме көрсетуіңіз міндетті